Бүгін Бас мүфтидің бірінші орынбасары, «Əзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған елордадағы 10 мешіттің имамдары бір мезетте бес баласынан айырылған жас отбасына арнайы дұға жасады, деп жазады ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Оның жазуынша, қаралы отбасына мешіт тарапынан материалдық көмек те берілмек.