05-12-19 |
1670 рет қаралған
Қазақстан ажырасу бойынша ТМД-да көш бастап тұр.
Қазақстан ажырасу бойынша ТМД-да көш бастап тұр

Пост кеңестік елдердің ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары келтіріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, аталған орталыққа 2 500-ден астам азамат жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і ғана орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан.

«Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылу деген сөз, ол екі жақ татуласады да, арыз беріп істі қараудан бас тартады», – дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді ТҰРЛЫБЕКОВ.

Психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер – көбіне үйленгендеріне  1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар.

«Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады», – деді «Бақытты Отбасы» ресурстық қолдау орталығының психологы  Гаухар ОНЖАРОВА.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.