29-08-19 |
5680 рет қаралған
Қазақстанда екі сиырдың бағасы қанша тұрады?.
Қазақстанда екі сиырдың бағасы қанша тұрады?

Ең қымбат сиыр Түркістан облысында. Аймақта бір сиырдың бағасы 900 мың теңге. Кей аудандарда 200 мың теңге. Сонда екі сиырыңыздың орташа бағасы 440 мың мен 1 миллион 800 мың теңгенің арасы. Мұндай есепті ҚазТАГ жазады.

Өзге аймақтардағы бір сиыр бағасы төмендегідей:

Қарағанды облысында 700 мың теңге; Қызылорда мен Маңғыстауда 500 мың теңге; Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 450 мың теңге; Солтүстік Қазақстанда 440 мың теңге; Батыс Қазақстанда 430 мың теңге; Павлодар мен Қостанайда 400 мың теңге;  Ақтөбе және Алматы облыстарында 370 мың теңге; Атырауда 300 мың теңге шамасында тұрады екен. Ал бір сауын сиырдың жем-шөбіне 102 мың -207 мың теңге аралығында ақша кетеді.

Қазақтандағы биылғы ең төменгі күнкөріс бағамы – 29 698 теңге. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.