Ең қымбат сиыр Түркістан облысында. Аймақта бір сиырдың бағасы 900 мың теңге. Кей аудандарда 200 мың теңге. Сонда екі сиырыңыздың орташа бағасы 440 мың мен 1 миллион 800 мың теңгенің арасы. Мұндай есепті ҚазТАГ жазады.
Өзге аймақтардағы бір сиыр бағасы төмендегідей:
Қарағанды облысында 700 мың теңге; Қызылорда мен Маңғыстауда 500 мың теңге; Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 450 мың теңге; Солтүстік Қазақстанда 440 мың теңге; Батыс Қазақстанда 430 мың теңге; Павлодар мен Қостанайда 400 мың теңге; Ақтөбе және Алматы облыстарында 370 мың теңге; Атырауда 300 мың теңге шамасында тұрады екен. Ал бір сауын сиырдың жем-шөбіне 102 мың -207 мың теңге аралығында ақша кетеді.
Қазақтандағы биылғы ең төменгі күнкөріс бағамы – 29 698 теңге.