Қытайдағы қысым көріп жатқан қазақтардың мәселесін көтеріп жүрген, тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» ұйымына бағытталған әйгілі ақын Мұхтар Шаханов бастаған қазақ зиялыларының ашық хаты қоғамда ерекше аңыс тудырды. Жауапкершіліктің салмағын алдын ала сезді ме, хатқа қол қойған ағаларымыз «білмеген у ішеді» деген атпен мақала жариялап, өздерінің білместікпен шалыс қадамға барғанын мойындап, кешірім сұрады. Күні кеше Әзімбай Ғали ағамыз ішкі істер қызметкерлерінің өзін куәлік беруге шақырып он сағат әңгімелескенін жария етті. Өзінің сөзінше, Серікжанның үстінен куәлік беруге мәжбүрлеген. Біз ішкі істер органдарының ол кісіні жауапқа шақыруын заңды тұрғыдан өте дұрыс деп бағалаймыз. Себебі қазір құқықтық зайырлы мемлекетте жасап жатырмыз. «Домалақ арыздың» дәурені өткен. Біреудің үстінен арызданған екенсің заң органдарына нақты дәлел, фактіңді көрсетуің керек. Ондай болмағанда кері салдары туындайды.
Жоғардағы жағдайға байланысты әлеуметтік желі арқылы саясаттанушы Расул Жұмалы мырзаға: “сіз ашық хатқа оқып барып қол қойдыңыз ба? Ішкі істер қызметкерлері сізді де куәлік беруге шақырды ма? – деп тәуелсіз журналист ретінде екі сұрақ қойып едік. Өзім танымайтын, пікірлес болмаған Серікжан Біләштің жақтасы деп ойлады ма, Серікжанның тұтқындалуына қарсымын деді де, ашық пікір білдіруден бас тартты.
Құрметті, қазақ зиялылары сіздерге ақыл айтудан аулақпыз, жәй ғана өтініш: әр қандай бір мәселеге ашық хат жазудан бұрын ол мәселенің заңдық негізін, өздеріңіздің заңдық, қоғамдық жауапкершіліктеріңізді үш қайтара таразылап алсаңыздар екен. “Мазмұнымен телефонда танысып едім… білместікпен қол қойыппын” – деген сылтауларды сот кешірмейді.
Есбол Үсенұлы
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024