«Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғанын растады. Оны күштік құрылымдар пара беру күдігімен ұстаған.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат болғанымен, ресми мәімет болмады. Біз жұма күні сауал жолдап, кеше жауап алдық. Иә, Васильев ұсталды. Кеше оның адвокаттарымен байланысқа шықтық, әзірге байланыс жоқ. Біз оларды бүгін немесе ертең табамыз деп үміттенемін. Біз қорғаушылардан ақпарат аламыз, содан кейін не болып жатқанын білетін боламыз», – деді Перуашев.
Еске сала кетейік, Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Воронкиннің «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Васильевтен пара алғаны туралы ақпарат тараған еді.
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
08.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024
-
07.10.2024