Астанада жастар жылына арналған жиын өтіп, оған президен Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр. Жиын барысында сөз сөйлеген моңғолиялық этникалық қазақ қызы бүркітші Айшолпан Нұрғайып президент Н.Назарбаевты Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына шақырды. Айшолпан өз сөзінде президент Баян-Өлгейге келіп, ондағы қазақтардың дастарханынан дәм татып қайтса, ондағы ағайынның рухы көтеріліп, бір серпіліп қалар еді деді.