
Әлем елдеріндегі бақыттың рейтингін шығаратын зерттеушілердің дерегі бойынша World Happiness Report Қазақстан Гондурастан кейін 60 орында тұр.
Жалпы рейтинг 156 мемлекет арасында жүргізілген. Соның ішінде 1 орында, Финляндия тұрса, алғашқы үштікті Дания мен Норвегия алады. 4 орында Исландия, ал Нидерланды 5 орынға жайғасыпты. Сосын Швейцария, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Австрия үздік ондыққа кіріпті.
Ал 60 орында тұрған Қазақстанның алып отырған бағасы – 5,809.
Қазақстанның статистика комитеті де «Халықтың өмір сапасын» анықтайтын есеп жүргізеді. Бұл есеп бойынша халқымыздың 60% өз өміріне риза.
Бақыттың халықаралық есебі осымен жетінші рет шығарылып отыр. Ең алғаш мұндай есеп 2012 жылы құрылған. Зерттеушілер халықтың бақыт өлшемін бірнеше факторлар арқылы анықтайды екен. Олар: билік пен бақыт қарым-қатынасы, әлеуметтік мінез, ақпараттық технологиялардағы өзгеріс.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025