«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дейді қазақ.
Алайда базарда жүк тасып, сауда жасап, қоғамдық көлікте кондуктор болып жүрген балаларға қарап 21 ғасырда, техника мен технология дамыған заманда балаларды интеллектуалды дамытуға күш салғанның орнына, қара жұмысқа жегу қаншалықты орынды деген ойға келдік. Сөйтіп, базар сыртындағы бір бұрышта мультфильмдер мен компьютерлік ойындардың дискілерін сатып отырған балаларға келдік.
– Тәте, балаңызға диск алыңыз! Арзан, -деп әлгі балалар жамыраса кетті.
– Сабақ қайда, балақайлар?
– Сабақ бітіп кеткен. Түске дейін оқимыз.
-Нешінші сыныпта оқисыңдар?
– Үшінші.
– Әке-шешелерің сауда жасауға рұқсат етті ме?
-Иә. Үйміз жақын. Ағамыз келіп, бақылап тұрады, -деп тақылдады балалардың бір.
Балалар өздері сауда жасағандарына дән риза екендері көрініп тұр. Алайда үшінші сыныпта оқитын балаларды аз уақытқа болса да жалғыз қалтырып, сауда жасатқан қауіпті емес пе және мұны еңбекке баулуға жатқызуға бола ма деген сұрақтар туындады.
Сосын біз «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гуринадан баланың еңбек құқығын бұзу мен еңбекке баулудың ара жігін сұраған едік, ол ең алдымен еңбек балаға зиян тигізбеуі керек екенін айтады.
-Мен базарларда сауда жасап тұрған немесе анасының жанында саудаға көмектесіп жатқан 8-9 жастағы балаларды көргенде бұған біз, яғни халық қолдан келетін мүмкіндікті жасамай отырмыз деп ойлаймын. Бірде топырақ пен гүлі бар қапты көтеріп бара жатқан 9-10 жасар баланы көрдім. Содан қасында жүрген әкесінен: «Баланы аямайсыз ба?» -деп сұрап едім, ол маған: «Мен өлсем, отбасымды кім асырайды? Жауапкершілікті қазірден сезінсін», -деп жауап берді. Өткеннен қалған осындай кедейлік психологиясы жұртта әлі бар. Мен балаларды еңбекке баулуға болмайды демеймін, әр нәрсенің өз уақыты бар екенін ескерткім келеді. Балалар балалық шақтың қызығын көруі керек, олардың басқа өмірлері жоқ, балалық шақты екі рет сүрмейді.
-Яғни бізде балалардың еңбегін пайдалану мен еңбекке баулудың ара жүгін ажырата алмайды ғой?
-Иә. Баланы еңбекке баулу деген оған еңбектің маңыздылығын түсіндіріп айту, пайдалы істі үйрету. Бала топырақ толы қап тасымай, гүл суарса да болушы еді. Мен жалқаулықты құптамаймын, бірақ баланың істеген жұмысы оған зиянын тигізетіндей болмауы керек.
Сонымен қатар ол балалардың уақыттарын дұрыс ұйымдастыру керектігін айтады.
– Бізде балаларға тегін үйрмелер, спорттық клубтар, волонтерлықпен, қоғамдық жұмысқа баулыйтын ұйымдар жоқ. Барлығына ақша төлеуге тура келеді. Қоғамдағы байлар мен кедейлер категориясы қандай екені балаладан байқалады. Біз балалардың барлығына бақытты, жүйелі, толыққанды балалық шақ сыйлауымыз керек, -деді Марианна Гураина «Араша» ақпараттық порталына.
М. Гурина Қазақстан БҰҰ Балалар құқықтары бойынша конвенциясына 2008 жылы қол қойғанын, осы заң бойынша балалар құқығы қорғалатынын айтты.
Балалар құқықтары бойынша конвенцияда 18 жасқа толғанға дейін барлық азамат «бала» болып есептеледі.
Ал Қазақстан заңдарында балаларға еңбек етуге рұқсат етілген, тек 14-18 жас аралығындағы жастар қысқартылған жұмыс уақытымен жұмыс істей алады және оларған төленетін еңбекақы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Сондай-ақ, Халықаралық Еңбек Ұйымы конвенциясына сәйкес балаларды физикалық, психологиялық немесе зорлық пен жәбірленуге әкеліп соқтыратын жұмыстар, жерасты, су асты, қауіпті биіктікте немесе оқшауланған (тұықталған) кеңістіктегі еңбектер, қауіпті қол еңбегін қажет ететін құрал-жабдықтармен, қондығылармен байланысты жұмыстар, ауыр заттарды тасымалдау, қауіпті заттардан балалардың зардапшегуіне, олардың ағзасын бұзатын шу деңгейі, температура және басқа да денсаулыққа кері әсер ететін ортадағы жұмыс, көпсағатты және түнгі еңбек немесе балалардың белгілі аймақтағы оны орындауда балалардың тастап кете алмайтын жұмыстары зиянды болып табылады.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024