Біз
әлеуметтік
желіде
03-06-25 |
960 рет қаралған
«Балаларды қорғау емес — ата-ананы қорлау күні болды»  – депутат.
«Балаларды қорғау емес — ата-ананы қорлау күні болды»  – депутат

Балаларды қорғау күні мәжілісмен Анас Баққожаевтың көңілі түсіпті. «Балаларды қорғау емес, баға мен ата-аналарды қорлау күні болды» деп ашуланды депутат.

Айтуынша, 1-маусым күні кішкентайларын саябаққа апарып, қалтасы әжептәуір жұқарып қалған, деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Аттаған әр адымыңда жағаласып саудасын қыздырған саудагерлер ойыншық пен тәттілерге ойына келген бағасын қойыпты. Астананың саябақтарын мысал ете отырып, ондағы жағдайды сипаттаған халық халаулысы «депутат болып, менің өзім тиын санап кетсем, қарапайым халықтың жағдайын бағамдай беріңіз» деп, ойын қорытты. Жүрген жерінде, әдетте, сатушылардан чек сұрайтын ол, кеше де әдетінен жаңылыспаған. Бірақ саудагерлер «ұнамаса, алмаңыз» деп, дөрекілік танытыпты. Енді Баққожаев «салық тексеруді күшейту керек» деп отыр.

«Кеше ғана Балаларды қорғау күнін атадық. Кеше балаларды қорғау емес, бағалар мен ата-аналарды қорғау күні болды. Кеше ауылдан бір кемпір келді, зейнетақысын жинап, балаларын қыдыртайын деп. Қалтасында 50 мың теңгесі бар екен. Әлгі ақшасы екі сағатта жоқ болды. Сусабыннан көпіртіп ауаға ұшыратын ойыншық бағасы 3 мың теңге, ол көтерме саудада 1 мың теңге тұрады», — дейді Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.