03-03-21 |
1430 рет қаралған
Балаларға емес, сотталғандарға көп қаржы жұмсалады.
Балаларға емес, сотталғандарға көп қаржы жұмсалады

Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова сотталғандар мен балаларға бөлінетін қаржыны есептеп берді, деп хабарлайды Arasha.kz тілшісі.

Айжан Сқақованың айтуынша, жұмыс істемейтін ана төрт және одан да көп бала күтімі үшін 5,76 АЕК-тен (16 801,92 теңге) 8,90 АЕК-ке (25 962 теңге) дейін жәрдемақы алады.

Ал елімізде бір сотталған үшін бюджеттен айына 88,5 мың теңге қарастырылған. Олар күзет қызметімен қамтылып, тамақ, киім-кешек пен дәрі—дәрмек шығыны түгел өтелген.

Бұл елімізде балалардан гөрі жазасын өтеушілерге көп қаржы жұмсалатынын дәлелдейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.