06-06-24 |
720 рет қаралған
Кәсіпкерлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?.
Кәсіпкерлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кәсіпкерлер мен олардың клиенттері зардап шеккен алаяқтықтың жаңа схемасы туралы жазылуда. Ол қалай әрекет етеді және оның құрбаны болмас үшін не істеу керек? Бұл туралы төменде оқыңыз.

Өткен жылдың мамыр айында қазақстандық кәсіпкер БАҚ-та алаяқтардың құрығына қалай түскені туралы айтып берді. Ол өз атына тіркелген жеке кәсіпкерлікті жалға беріп, пайда көрмек болады. Бәрі осы кезде басталады. Бір жігіт оның рұқсатымен балалар ойыншықтарын сатады. Бірер уақыттан кейін сатып алушылардан шағымдар көп түскендіктен онлайн-дүкен кәсіпкермен келісімшартты бұзады. Олар ақшасын төлесе де, тауарын алмаған екен. Ал кәсіпкер алаяқтарға тап болғанын түсінгенде, алданған сатып алушылардан полицияға бірнеше арыз түсіп, қарыздың жалпы мөлшері алты миллион теңгеден асқан.

Қазнетте осыған ұқсас басқа да жағдайлар туралы жазылған. Олардың бірінде ЖК-ны жалға берген кәсіпкер мемлекетке 24 миллион теңге қарыз болып қалған. Бұл «жалға алушылар» сатқан тауарлардың ҚҚС-ы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.