15-08-24 |
6480 рет қаралған
Бәріне жалғыз Айтжанов кінәлі ме?.
Бәріне жалғыз Айтжанов кінәлі ме?

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан ел боксының бас бапкері Мырзағали Айтжановқа қатысты мәлімдеме жасады.

Депутат Ұлттық құраманың басшылығын сынағандарды сабырға шақырып, «біз неге сонша өшпенді ұлтқа айналып барамыз?» деген пікірін білдірді.

«Әрине, Ұлттық құрама басшылығы аппақ демейміз… Бірақ қалыптасқан ахуалды неге жүйелі, жан-жақты қарастырмаймыз? Ташкенттегі Әлем біріншілігінде қатарынан төрт-бес алтын ұтқан Мырза жақсы да, Париждегі Мырзағали жаман ба? Кеше кейбір пабликтерде “Мырзағали қызметінен шеттетілді…” деген тіркестің өзінде жақсы ниет жатқан жоқ. Өткен Токиодағы топалаң жадымыздан шығып кетті ме?.. Ойланайық, ағайын!», – деп жазды Ж.Әшімжан әлеуметтік желіде.

Айта кетсек, Парижде өткен олимпиада ойындарында қазақ боксшылары алтын медалсіз оралған еді. Ойын аяқталған соң Ұлттық құраманың басшысы Мырзағали Айтжанов және 10 бапкер жұмыстан шеттетілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.