«Бәсе» YouTube арнасының авторлары ерлі-зайыпты Айдос пен Наталья Садықовтарға іздеу жарияланды.
Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Айдос пен Наталья Садықовтарға іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында «Қылмыскерлерге іздеу жарияланды» бөлімінде пайда болды.
1968 жылы туған Айдос Жандосұлы Садықовқа және 1984 жылы туған Наталья Сергейқызы Садықоваға қатысты іс елорданың Алматы ауданындағы полиция басқармасында тіркелген. Ерлі-зайыптыға 2023 жылғы 23 қазанда іздеу жарияланды. Істі қозғаушы – Ішкі істер министрлігі.
Айта кетейік, «Бәсе» каналы 2014 жылы құрылған. Каналға бір миллионға жуық адам жазылып, 2 мыңнан астам видео жарияланған. Каналдың «Елі» деген жерде Украина деп көрсетілген.
Arasha.kz
ФОТО: дереккөз
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024