13-08-20 |
1180 рет қаралған
«Басымды қатырмаңдар!» – облыстың бас санитарына тексеріс жасалады.
«Басымды қатырмаңдар!» – облыстың бас санитарына тексеріс жасалады

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты денсаулық сақтау министрлігі қызметтік тексеріс жүргізетінін хабарлады.

«Ерғали Сыдыманов арыз-шағым айтып келген Талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде дөрекі сөйлеген. Бейне жазба әлеуметтік желіде желден де жылдам тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айрықша назар аударды. Ведмоства басшысы Алматы облысы бас санитарының халық алдындағы құрметсіз қылығын мемлекеттік қызметшіге тән емес деп бағалады. Осыған байланысты Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды. Мәселенің ақ-қарасы анықталып, нақты бағасы берілген соң оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа-орталығы ресми сайтта және әлеуметтік жілелерде жариялайды» делінген министрлік ақпаратында.

Бұған дейін Алматы облысы бас санитар дәрігерінің жергілікті кәсіпкерлермен кездесуі жазылған  видео әлеуметтік желіде тараған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.