ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті заңды тұлғаның өтініші бойынша «Batys Petroleum» ЖШС жуу-булау станциясына қатысты тергеп-тексеруді бастады.
Жоспардан тыс талдау нәтижелері бойынша мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған вагон-цистерналарды ағымдағы жөндеу қызметіне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мен қолдауда көрсетілген монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталды.
Монополияға қарсы заңнаманы ықтимал бұзу фактісі тергеп-тексеру аясында тексеріледі. Монополиялық жоғары бағаның белгіленгені расталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары, оның ішінде:
Компанияның жылдық айналымының 3-5% мөлшерінде айыппұл;
Монополиялық кірісті тәркілеу;
Бағаны экономикалық негізделген деңгейге дейін төмендету туралы нұсқама.