Алматыда «Бек Эйр» компаниясы арнайы баспасөз мәлихатын өткізіп жатыр. Баспасөз мәслихатына компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов және компания басшысының орынбасары Әнуар Төлеубеков қатысты.
Апат болған күннен бері компания басшылары неге ел алдына шықпады? БАҚ қа неге жауап бермеді? Қаза болған адамдардың жерлеу рәсіміне неге қатыспады? деген журналисттердің сұрағына Әнуар Төлеубеков жарытып жауап бере алмады. Бар айтқаны: «Компания қызметкерлері, басшылары апаттан шок алды. Шоктан әлі шыққан жоқ. Біз күні- түні жұмыс істедік, тергеуге көмектестік» деуден өзге жауап бере алмады.