әнші, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан «Қазақстан» ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасына қатысып, жүргізушілермен әңгіме-дүкен құрды. Хабар барысында Бекболат Қанайұлы «ninety one» тобын пішпе аттарға теңесе, әлеуметтік желіні еріккенің ермегіне теңеді.
Сондай-ақ, бағдарламада депутат он төрт бала тәрбиелеп отырғанын айтып, балаларының атын да атайды.