27-08-24 |
3060 рет қаралған
Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен ОПЕК (The Organization of the Petroleum Exporting Countries) бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

«Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерім мен болжамды баға белгілеуді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.