arasha.kz

Бектенов Президенттің энергетикалық және көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін бірқатар міндет қойды

Елді газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша газ ресурстарын ұтымды бөлуге басты назар аудару қажет. Осыған байланысты Үкімет басшысы талдау жүргізіп, қандай энергия нысандары газға ауыстырылатынын анықтап алу қажеттігін атап өтті.

Жаңа газ өңдеу қуаттарын салу үшін Энергетика министрлігіне инвестициялық шешімдер қабылдауды жедедету тапсырылды. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін қаржылық даму институттарымен бірлесіп, 1 қарашаға дейін жаңа генерация нысандары құрылысына ұзақмерзімді несие беру тетіктерін әзірлеу қажет.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге республикалық референдумды ұйымдастыру және 6 қазанда сапалы өткізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге биылғы 1 қарашаға дейін Үкіметке Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы қаулы жобасын енгізу тапсырылды.

«Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап нақты тұтыну нормаларын енгізу қажеттігін атап өтті. Сондықтан адамдарды ресурстарды ұтымды пайдаЛануға ынтаЛандыру керек. Ұлттық экономика министрлігі жыл соңына дейін табиғи монополиялар салаларында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшеріне қарай тұтыну нормаларын енгізсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Exit mobile version