06-02-24 |
3810 рет қаралған
Бектеновтың басқарушылық тәжірибесі ел экономикасын нығайтуға бағытталған.
Бектеновтың басқарушылық тәжірибесі ел экономикасын нығайтуға бағытталған

Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Ә.Смайловтың Үкімет басшысы лауазымындағы қызметіне баға берді, деп жазды KAZINFORM.

«Менің ойымша, қазіргі Премьер-Министрдің қаржы саласындағы, осы тікелей коррупция саласындағы қызметі бюджетті толтыруға тікелей кәсіби біліктілігі жетеді деп ойлаймын», – деген Елнұр Бейсембаев журналист сауалына орай экс-Премьер Әлихан Смайыловтың басты кемшілігін атады.

«Ә.Смайыловтың тұсына келсек, оны да біз Amanat партиясы ұсынған болатын. Сенімді ақтамады деп айтуға болмайды. Экономикалық өсім болды, бюджет 24 трлн теңгеге көтерілді. Смайыловтың тұсында біз заңсыз шығарылған активтер, «Ұлттық қор – балаларға» сияқты маңызды заңдарды ел үшін қабылдадық. Сол себепті Ә.Смайыловтың да жұмысына Мемлекет басшысы оң баға беріп отыр. Отставкаға кетуіне келсек, қазіргі Үкіметтің дәл осы қарқынмен қойып отырған мақсаттарға жете алмайтынына Мемлекет басшысының көзі жетіп отыр.

Үкіметтің кейбір тұстары олқы болды. 10 балдық шкаламен баға беру маған қиындау. Әрине, 10 балға татымайтын Үкімет болды», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, бүгін Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.