Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қаласында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина паспортын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа азаматтар анықталды.
Олардың бұл әрекеті қаржы мониторингі агенттігінің жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде белгілі болды.
Агенттіктің хабарлауынша, олар ақша табу мақсатында денсаулық сақтау органдары қойған міндеттер мен мораль нормаларына қарамастан азаматтарға жалған вакциналау жүргізген. Жалған паспортты 5 000-нан 30 000 теңгеге дейінгі бағада сатқан.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабында (жалған құжат жасау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір жалған паспорт берілген 37 азамат анықталды. Сондай-ақ 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкерінің жалған құжат жасағаны белгілі болды.
Басқа күдікті тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024