arasha.kz

Билік органдарын қамтамасыз етуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?

Әрбір мемлекеттік органды материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ететін шаруашылық құрылымдар бар. telegram желісіндегі protenge каналы бірқатар билік органдарының шаруашылық құрылымдарына бюджеттен қанша қаражат жұмсалып жатқанын жариялады.

  1. Президенттің іс басқармасы, басшысы – Ерлан Баттақов. Іс басқармасының бюджеті – 71 миллард теңгеден асады;
  2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Парламент), жетекшісі Асхат Жанзақов. Биылғы бюджеті – 13,8 миллард теңге.
  3. Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, басшысы  – Наиль Ахметзакиров. 2019 жылдың есебі бойынша бұл органның қаражат жұмсау жағы 5,9 миллиард теңге болған.
  4. Бас прокуратураның шаруашылық басқармасы, басшысы – Мэлсбек Ізімов. 2019 жылдың есебі бойынша бұл органның қаражат жұмсау жағы 1,3 миллиард теңге болған.
  5. Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, директоры – Иран Шархан. Бұл кәсіпорынның бюджеті шамамен 1-1,3 миллард теңге болады екен.

Міне, кейбір мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жоғарыдағдай миллиардтар жұмсалады. protenge каналының жазуынша, бұл қаражаттың қалай, қайда жұмсалғаны жайлы ашықтық жоқ көрінеді.

Exit mobile version