Төтенше жағдайлар комитеті Астанада бес қыз қаза тапқан өрт себебін атады . Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
Өрт қауіпсіздігі саласын бақылау және алдын алу басқармасының бастығы Жасұлан Ақтаевтың сөзінше, мұржаның дұрыс орнатылмауы өртке себеп болған.
«Мұржаны орналыстыру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған. Үйдің төбесі мен мұржаның арасында бос жер болмаған. Соның салдарынан пешті пайдаланған кезде өрт шыққан» деді ол.
Төтенше жағдайлар комитеті өкілі өрт болардан бір апта бұрын уақытша баспананы комитет қызметкерлері тексергенін хабарлаған. Бірақ Ақтаев тексеру кезінде үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай болғаны туралы ештеңе айтпады. Оның сөзінше, «тұрғындар тексерушілерді көбіне үйлеріне кіргізбейді».
Комитет өкілінің сөзінше, Қазақстанда жылына 15 мыңға жуық өрт тіркеледі. 2019 жылы бір айда 116 адам өрттен қаза тапқан.
4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.
Өрттен соң Астана әкімі Бақыт Сұлтанов шұғыл кеңес өткізіп, аудан әкімдерінен полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дереу қаладағы жеке тұрғын үйлерді аралап шығуды және әр үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді талап еткен. Әкім «Бұл сіздердің қателіктеріңіз» деп төтенше жағдайлар қызметін сөккен.
Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген. Елдегі өрт қауіпсіздігіне сын айтыла бастаған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024