13-03-24 |
4390 рет қаралған
Ақпарат министрі Бишімбаевтың сотына кіргізілмеген журналистерге қолдау білдірді.
Ақпарат министрі Бишімбаевтың сотына кіргізілмеген журналистерге қолдау білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева министрлік әрқашан журналист құқықын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обиективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын мәлімдеді.

«Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту  жұмысын жүргізетін болады», – деді министр.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.