Инклюзивті қоғамның дамуы жақында ғана Қазақстанда өзекті тақырып болды және сол бағытта жұмыс істеу бір орында тұрған жоқ. Олардың қызметінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау басым әлеуметтік міндет болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанда «шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда, ол халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан дарынды жастарды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау мақсатында жас және талантты адамдарға гранттар беруге бағытталған.
Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Қарағанды- Логос мүгедектер оңалту орталығы» Қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылады.
Байқау ережелеріне сәйкес, қатысушылар келесі бағыттар бойынша гранттар алады: музыка, хореография, театр, кино, цирк өнері, әдебиет, бейнелеу өнері, сәулет, дизайн. Байқау аясында республикалық байқауларға 30 жеңімпаз анықталады, олар 200 000 теңгеден шағын грант алады, халықаралық байқауларға 20 жеңімпаз 700 000 теңгеден алады.
Мысалы, Айшолпан Қайдаулова арбадағы спорттық би бағытты бойынша гранттар конкурсына қатысып жатыр.
«Менің I топ мүгедектігім бар, мен арбада жүремін, бірақ бұған қарамастан 2018 жылдан бері мен арбада бимен айналысамын және екі жыл қатарынан мүгедектер арбасындағы билерден спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан Кубогына қатысып келемін. Грант байқауына қатысуға ойланбай – ақ шешім қабылдадым, өйткені мен үшін тәжірибе жинап, өзін-өзі сезіну, қай бағытта қозғалу және тағы не істеу керектігін түсіну мүмкіндігі бар», – деді қыз.
Егер Айшолпан грант ұтып алса, онда ол өзінің биін мүгедектер арбасында орындау үшін Мәскеудегі (Ресей) Халықаралық «Планета искусств» фестиваліне қатысады.
«Менің ойымша, мұндай гранттар біздің қоғам үшін өте қажет, өйткені менің білуімше Қазақстанда мүгедектер көп, олар үйде отырады және не істей алатындарын білмейді. Мұндай гранттық байқаулар үлкен ынталандыру болады. Шынында да, жаңадан бастаушылар үшін мемлекеттен грант алу үшін бір нәрсе істеу керек, белгілі бір хобби болуы керек », – деді Қайдаулова.
Оның айтуынша, ол шығармашылық грантты ерекше қажеттіліктері бар адам да жеңе алатын байқауды алғаш рет көріп тұр.
«Әсіресе пандемия жағдайында бұл грант мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін және халықаралық немесе республикалық деңгейдегі байқауларға қатысуға қаржылық жағдайы жоқ адамдар үшін зор мүмкіндік болды», – деп түйіндеді қатысушы.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024