21-08-24 |
5690 рет қаралған
Биыл 10 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.
Биыл 10 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 138,5 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,5%) Қытайдан, 37% – Өзбекстаннан, 5,8% – Түрікменстаннан, 5,2%  – Моңғолиядан, 3,2% – Рессейден және 1,3% басқа елдерден келген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,3%-ды және зейнеткерлер 9,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 23,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 4,2%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1937 қандас қоныс аударды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.