Биыл Қазақстанға шетелден тарихи Отанына көшіп келетін қазақтар үшін 2103 квота бөлінген. Ал елдің Оңтүстік аймақтарынан Солтүстік облыстарға қоныс аударушыларға 7771 квота бөлінген. Ішкі және сыртқы көші-қон процесін еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қадағалайды.