Керчтегі оқиға 2018 жылдың басынан бергі ресей мектептерінде орын алған алтыншы ірі шабуыл болды.
10 мамырда Новосибирск көліктік технологиялар колледжінің Барабинск филиалының 16 жасар білім алушысы Н.А.Лунина оқу сабағына мылтықпен кіріп бір студентті атады да, артынша өзіне-өзі қол жұмсайды. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.
18 сәуірде Башқұртстандағы Стерлитамак мектебінде түзеу сыныбынның 17 жасар оқушысы өзімен бірге оқитын сыныптас қызға және мұғаліміне пышақ ала жүгірген. Нәтижесінде мұғалімі, екі оқушы және шабуылдаушының өзі де зардап шекті.
21 наурызда Қорған облысындағы Шадринск қаласында жетінші сыныпта оқитын қыз бала сыныптастарына пневматикалық тапаншадан оқ жаудырды. Жеті адам жараланды.
19 қаңтарда Бурятия астанасы Улан-Удэ қаласындағы Сосновый Бор ауылының тоғызыншы сынып оқушысы қолына балта алып, жетінші сынып оқушыларына шабуыл жасады. Содан кейін, жанғыш зат қолданып, кабинетті өртеп жіберді. Жеті адам жарақаттанды.
15 қаңтарда Пермь қаласындағы 127-ші мектепте 16 жастағы екі жеткіншек бала төртінші сынып оқушыларына пышақпен шабуыл жасады. 11 бала және мұғалім пышақталды.
Керчтегі шабуыл
17 қазан күні төртінші курс студенті Владислав Росляков Керч Политехникалық колледжінде атыс ұйымдастырып, бомба жарды. 21 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Росляков өзін-өзі өлтірді.
Колледжге жасалған шабуыл 2014 жылы Ресей Қырым түбегін өзіне қосып алғаннан кейін болған алғашқы ірі қайғылы оқиға.