Қазақстанның көптеген тұрғындары бір уақыт белдеуіне наразылығын білдіруде.
«Біз, қазақстандықтар, сізден келесі шараларды қарастыруға шақырамыз: уақытты өзгертуден бас тартыңыз, бұл адамның биоритмі мен жасанды түрде белгіленген уақыт кестесі арасындағы сәйкессіздікті жояды, халықтың әл-ауқатын жақсартады және қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайтады», – деп жазылған петицияда.
Бастама енді мемлекеттік органның қарауына жіберілуі тиіс.