15-10-20 |
1260 рет қаралған
БҰҰ Бас хатшысының өкілі және Астана мемлекеттік қызмет хабы Оңтүстік ынтымақтастығын тереңдетеді.
БҰҰ Бас хатшысының өкілі және Астана мемлекеттік қызмет хабы Оңтүстік ынтымақтастығын тереңдетеді

Астана мемлекеттік қызметі хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мырза мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өкілі, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық кеңсесінің директоры (UNOSSC) Хорхе Чедиек мырза ынтымақтастықты тереңдету туралы алмасу хатына қол қойды.

Құжат Чедиек мырзаның Консультативтік кеңестің төрағасы болып қоса атқаратын Мемлекеттік қызметтегі инновациялары бойынша Оңтүстік-Оңтүстік желісімен (SSN4PSI) ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Айта кетейік, 2014 жылы Астана мемлекеттік қызмет хабы аймақтық және аймақаралық Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды.

Аймақтық және аймақаралық серіктестіктер арқылы Тұрақты даму күн тәртібін алға жылжытудағы ортақ мүдделер мен мақсаттарды бөлісе отырып, екі ұйым мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновациялар бойынша Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын нығайтудың бірлескен жоспарын жасауда.

Ынтымақтастық шеңберінде әлуетті нығайту және «теңге тең» қағидаты шеңберінде білім алмасу мақсатында бірқатар шаралар, сондай-ақ «Matchmaking» іс-шараларын ұйымдастыру ойластырылуда. Matchmaking іс-шаралары қатысушы елдер мен екі ұйымның серіктестері арасындағы ел үкіметтеріне мемлекеттік органдардың білімдері және озық тәжірибелерімен алмасуға және екі ұйымды бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында жақындату мүмкіндігін береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.