
Былтыр Қазақстанда дүниеге келген 367 мың баланың 4,8 пайызы шала туған балалар. Бұл туралы Астанада өткен «Бөбек» неонатологтардың II Қазақстандық Симпозиумында белгілі болды.
«2024 жылы Қазақстанда 367 мың сәби дүниеге келді, олардың 4,8 пайызы мерзімінен бұрын дүниеге келген балалар. Яғни, былтыр елімізде 17 616 нәресте 36-аптасына дейін, 2,5 келіден аз салмақта дүние есігін ашқан», – деп хабарлайды ДСМ.
Дереккөзге сүйенсек, неонатология қызметінің күш-жігерінің, жаңа технологиялар мен медициналық көмек көрсету стандарттарының арқасында мұндай сәбилердің өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін өсті.
«Егер 15 жыл бұрын салмағы 500-999 грамм болатын бес баланың біреуі ғана аман қалу мүмкіндігіне ие болса, бүгінде өте шала туған нәрестелердің жартысынан көбі өз құрдастарын қуып жетеді. Бүгінде Қазақстанда 773 неонатолог дәрігер бар», – деп хабарлаған министрлік.
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025