27-01-25 |
970 рет қаралған
Былтыр жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2%-ға төмендеген.
Былтыр жасөспірім қыздардың жүктілігі 10,2%-ға төмендеген

Өткен жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың арасында жүктілік және босану жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ға қарсы 3,5) және 8,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,14-ке қарсы 2,88) төмендеді. Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4%-ға азайды.

Бүгінгі фертилдік жастағы балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жағдайды кейінгі 10-15 жыл ішіндегі демографиялық процестерге тікелей әсер етеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Жасөспірімдердің жүктілігі сезімтал әлеуметтік маңызды көрсеткіштерге жатады, өйткені ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтады, әлеуметтік проблемаларға тап болады, олардың мінез-құлқында суицидтік үрдістер мен психологиялық бұзылулар артады.

Қазіргі жағдайда жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығының жағдайы жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты, жасөспірімдердің арасындағы жыныстық дебют 16,5 жасты құрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.