arasha.kz

Cалық кедергілері жойылатын болды – әлеуметтанушы

Сонымен АЭС референдум күні белгілі болды. 6-шы қазанда өз таңдауымызды жасаймыз. Бір сұрақ… екі жауап «иә» немесе «жоқ» деген. Референдум заңына сәйкес дауыс беруге құқылы халықтың 50% астамы қолдаса АЭС салынады. Бұл туралы әлеуметтанушы Жақсыбек Жиеналиев айтты.

Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын», – деді Президент.

Әлеуметтанушы референдумды негізі қараша айының ортасында өтеді деп болжағанын, дегенмен ашық талқылаулардан кейін ұзаққа созбауды жөн көрген болар деген ойын білдірді.

Жақсыбек Жиеналиев Жолдауда айтқан маңызды мәселелер туралы қысқаша тоқталды:

Cалық – кедергілер жойылатын болды. Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды.

Субсидия – салада көзбояушылық көп. Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтаған. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды -деді.

Жол – жыр болған Астана-Алматы жолын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалғанын айтты. Сондай-ақ Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы жолдарды қалпына келтіру туралы айтылды. Облысаралық және ауданаралық жолдарды салу және жөндеу жұмыстарын 4 есеге арттырып, 10 мың шақырымға жеткізу тапсырылды.

Кадрлық әлеует – еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды. Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек.

Ауыл әкімдерін сайлау мәселесі. 2021 жылдан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланғанын айтты. Яғни 90 пайыз ауылдың әкімін сайлау өткен, олардың ішінде 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте болмағандар деген ақпаратты келтірді. Бұл үрдіс жалғаса береді. Тек сайлау тетіктерін жетілдіру керек сияқты, әйтпесе туыс-тамыр, рушылдық проблемалары қалмайтын сияқты.

Бұдан басқа да мәселелер қозғалды, ендігі кезек осы тапсырмалардың уақытылы орындалуында.

Exit mobile version