Мемлекет басшысы қыркүйектегі жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді», – деп реформалардың нақты бағдарын белгілеп берген еді. Мәселен, «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталатын үшінші бағдарда еліміздің басты құндылығы – адам екенін және бұл – айқын нәрсе екенін айрықша атап өтті.
– Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. … Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала, – деген еді ҚР Президенті.
100 жылдық тарихы бар «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Алтын Жүсіпқызының айтуынша, Мемлекет басшысы ұстанған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» құруда кәсіподақ ұйымдарының рөлі өте зор. Өкінішке қарай, оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмауда. Мәселен, Алматы қаласындағы 61 медициналық мекемеде 22 261 адам халыққа қызмет көрсетеді. Алайда оның бәрі бірдей кәсіподақ ұйымының мүмкіндігін пайдаланып отырған жоқ. Көпшілігі өзінің ай сайын бухгалтерия арқылы жалақысының 1 пайызын қайда аударылып жатқанынан да хабарсыз. Кәсіподаққа мүшесің бе десең иә дейді, бірақ оның қай кәсіподақ екенін білмейді. Өйткені кеңестік дәуірде республикада денсаулық сақтау қызметкерлерінің бір ғана кәсіптік одағы болды.
– Азаматтық қоғамның дамуымен бірге кәсіподақ ұйымына мүшеліктің еріктілігі мен оның қызметіндегі ашықтық пен есептіліктің сақталмауына байланысты 2018 жылы Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР кәсіподақ федерациясы құрамынан бөлініп шыққан еді. Кейін жұртшылық бізді федерация тарапынан құрылған өзге 2 кәсіподақ ұйымдарымен шатастырмас үшін атауымызды «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі деп өзгерттік. 2021 жылдың қазан айынан бастап «AQNІET» құрамында 12 салалық жəне 4 аумақтық кəсіподақтан 1 миллион мүшесі бар Қазақстандық еңбек конфедерациясының мүшелік ұйымы болып табылады. Қазіргі уақытта «AQNІET» кəсіподағының төрағасы Конфедерацияның Бас хатшысының бірінші орынбасары болып табылады», – дейді Алтын Жүсіпқызы. Акушер-гинеколог ретінде 27 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман былтыр әріптестерінің қолдауымен салалық кәсчподақтың Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы болып сайланған еді. Оның сөзіне қарағанда, өздері келісімшартқа отырған мекеме басшылығының сөзінен шыға алмайтын өзге кәсіподақтарға қарағанда «AQNIET» Мемлекет басшысның «Әділетті мемлекет» құру стратегиясының жүзеге асуына нақты ісімен қолдау көрсетуде. Мәселен, былтыр «Алатау балаларды оңалту санаторийі» ШЖҚ РМК кəсіподақ комитетінің төрайымы Г. Өтебердиевадан еңбек тəртібін бұзуына байланысты оқу-тəрбие бөлімінің меңгерушісі лауазымынан тəрбиеші лауазымына заңсыз ауыстыруы туралы арыз келіп түсті. Арыз қаралып Г. Утебердиеваның лауазымын төмендету еңбек заңнамасын бұза отырып жүргізілгені анықталды жəне оның лауазымы қалпына келтірілді.
Медицина қызметкерлерінің ғана емес мемемелердің де толық құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақ кәсіби адвокаттармен және білікті заңгерлермен, заңгерлер одақтарымен, бірлестіктермн және қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасайды. «Медициналық адвокат» республикалық акциясы аясында қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және басқа да сипаттағы мәселелерге тап болған кезде жұмыс берушілермн және басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынаста құқық қорғау, сот органдары, мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлері алдында құқықтарны қорғау және мүдделерін білдіру үшін жеделі желі (+77011991414) қызметін ұсынады.
Аймақтардағы өзге әріптестерімен бірге «AQNIET» мүшелері тек 2022 жылдың өзінде медицина қызметкерлерін қолдау, жалақының өсуін іске асыру жəне медицина қызметкерлерінің əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да мəселелер бойынша ҚР Үкіметінің атына – 1, Денсаулық сақтау министрлігіне – 19, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне – 7, Мəжіліс пен Мəслихат депутаттарына – 1, денсаулық сақтау басқармасына – 20 өтініш жолдады. Кəсіподақтың уақытылы жəне жүйелі іс-əрекетінің нəтижесінде көптеген ұсыныстар ескерілді, бұл Үкіметтің қаулыларында, Денсаулық сақтау министрлігінің, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарында көрініс тапты.
Осы арада Республика Президенті жариялаған балалар жылы аясында қалалық филиалдың Талғар медициналық колледжінің ата-анасы жоқ (барлығы 10 бала) студенттеріне қысқы сырт киім, «Орталық клиникалық аурухана» ауыр сырқаты бар балалары бар 20 қызметкерге əрқайсысына 20 мың теңгеден барлығы 400 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсеткенін. Балаларды қорғау күні Кəсіподақ мүшелерінің балаларына ойын-сауық орталықтарына билеттер берілді, 350 балаға Жаңа жылдық шырша өткізгенін де айта кеткен жөн шығар.