Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ұлттық музыка жауһарларын бір жерге жинақтап топтастыра отырып, көпшілікке қолжетімді болатын «Алтын қор» деп аталатын арнайы интернет портал құруын жоспарланып жатқанын хабарлады.
Министр өзінің фейсбуктегі парақшасында жаңа жоба жайлы былай деп жазады: «Бүгін «Дала фольклорының антологиясы» деп аталатын ерекше жобаны таныстырдық.
Басты мақсат – балаларымыздың бойына бабаларымыздың бай мұрасын сіңіру. Ұлы даланың фальклорын біліп өскен ұрпақ ешқашан ұтылмайды. Ұлтын сүйіп, өткенін қастерлеп ержетеді.
Өйткені біздің ертегілерімізде, батырлар жырында, ән-күйлерімізде ұлттың мұраты, бабалар аманаты, даланың кеңдігі, қазақтың дархан да жауынгер болмысы бейнеленген.
Жинақта Әміре Қашаубаев, Кенен Әзірбаев, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков және тағы да басқа дауылпаз жыршылардың әндері бар. Дина Нұрпейісова, Жаппас Қаламбаев, Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзиннің өз орындауындағы күйлер топтастырылған.
Сондықтан бұл жинақ жан-жақты насихатталады. Осындай құнды жәдігерлер «Алтын қорда» сақталып қана жатпай ұлт үшін, келешек ұрпақ мүддесі үшін қызмет етуі қажет деп ойлаймын.
«Алтын қор» деп аталатын арнайы интернет портал құруды да жоспарлап отырмыз. Сайт арқылы ел азаматтары ғана емес, өзге мемлекеттерді мекендеп жатқан қалың қандастарымыз да, қазақ фальклорын зерттеп жүрген шетелдік мамандар да өзіне керек деректі алады.
Антологияны шығаруға атсалысқан шығармашылық топқа, «Қазақ радиосының» ұжымына алғыс айтамын».
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024