11-04-24 |
3680 рет қаралған
«Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді.
«Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді

10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жібек Жолы елдімекеніндегі үйінді бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, «Астана Арлан» командасында сапындағы WCB Дүниежүзілік бокс сериясының Әлем чемпионы Мейірболат Тойтов және Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновтың басшылығымен  Вячеслав су қоймасының жанындағы Жібек Жолы кентіне шұғыл түрде жеткен «Дала Қырандары» ЖҚБ-нің бірнеше жасағы арыны қатты ағын суды тежеп тұрған бөгеттерді нығайтты.

Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Біздің қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесумен бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік. Осы аптада Тайтөбе ауылына саяхат ұйымдастырып, онда да бөгеттерін бекіттік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.