arasha.kz

Дариға Назарбаева: Нұрсұлтан Назарбаев әлем мойындаған бітімгер

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секретариатының отырысы өтіп жатыр. Отырыста сенат төрайымы Дариға Назарбаева: «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізу идеясының авторы Қазақстанның бірінші президенті, әлем мойындаған бітімгер Нұрсұлтан Назарбаев. Ол уақытында Қазақстан ядролық қарудан бас тартатын мәлімдеп, бастама көтерген. Тәуелсіздік жылдарында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің діңгегі болған елдің басшысы ретінде Н.Назарбаевтың сөзі әлемдегі ең ірі діндер мен конфессиялардың көшбасшыларына жетті. Сол кезде дінаралық диалог өткізу идеясы бүкіл әлемде қызу қолдау тапты», – деді.

Отырысқа келген әртүрлі дін өкілдері өз ойларын ортаға салған. Мәселен, «Сомайя Бхаратия Санскрити Питам» деп аталатын үнді мәдениеті орталығының директоры Кала Дхананджей Ачария әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің әнұранын шығару бастамасын ортаға салған. Отырыс осындай біртүрлі «идеялармен» аса қызық өтіп жатқанға ұқсайды.

Exit mobile version