28-03-20 |
1530 рет қаралған
Дәурен Абаев: Кредитті уайымдамаңыздар! Мемлекет көмектеседі.
Дәурен Абаев: Кредитті уайымдамаңыздар! Мемлекет көмектеседі

«Кредитті, жұмысты, бизнесті уайымдамаңыздар! Мемлекет ешкімді тастамайды. Көмектеседі» деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, билік зейнеткерлерге дәрі апаруға, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізуге көмектеседі

«Бұған дейін айтқанымыздай, ақысыз демалысқа шыққандар, жұмыссыз қалғандар төлем алады. Бүгінгі таңда үкімет әлеуметтік маңызы азық-түлік сатып алуға 14,7 миллиард теңге бөлді. Оған қоса, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және коронавируспен күресіп жатқан адамдарға арнайы қорғаныс заттарын алуға 1,4 миллиард теңге бөлінді.  Қазір салық тексерістері және әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау тоқтатылды. Салық декларациясын тапсыру 31 наурыздан 30 сәуірге шегерілді» деді Абаев.

Соңғы деректер бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 228 адамға жетті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.