Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөнінде жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінді.
«Біріншіден кешірім сұраймын. Менің әлеуметтік желілерімді көмекші балалар жүргізеді. Балалар жалған ақпарат салып, кейін оны өшірді. Олар өзге әлеуметтік желіде шыққан материалды көшіріп салған. Бұл жайтқа қатысты өзім де жеке кешірім сұраймын», — деп құтылды депутат.
Бұл мәлімет қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен дүрбелең туғызды. Егер ол жауапкершілікке тартылмаса, онда неге журналистер мен блогерлер мұндай жағдайларда жазаланады деген сұрақ туындайды – не бәріне бірдей талап қойылуы керек, не бұл – «басқа жағдай» болып отыр.
Фото: Мәжіліс