arasha.kz

Депутат: Ерлан Жақанұлы, халықтың мұқтажын билікке жеткізу жолында жанымыз пида

Парламент мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек «қайтарған жеріміз қалай байлардың қолына қайтадан өтіп кеткен?!» деп таңқалып отыр.

Бүгін, Парламент Мәжілісінің пленарлық жиналысында «Жер аманаты» Республикалық жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде игерілмеген, пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді жергілікті әкімдер бай куаттылардың иелігіне өткізіп жатқандығы туралы ақпарат құралдарынан алып отырмыз. Міне, осы сұрақты Ауыл шаруашылық министрлігінің өкіліне қойдым. Қояр алдында, Үкіметтің вице-премьері Тамара Дуйсеноваға Солтүстік Қазақстан облысы Бостандык ауылының тұрғындарының жалынды сәлемін де жолдап жібердім – дейді депутат Бақытжан Базарбек.

Ол «жер, жер» деп жүріп Мәжіліс спикерінен ескерту алғанын да жасырмады.

Ақыры «жер, жер, жер» деп байқамай Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Жақанұлынан да ескерту алып қалдық! Қатты кетсек, айыпқа бұйырмаңыз, бірақ та халықтың мұңы мен мұқтажын биліктегілерге жеткізу жолында жанымыз пида – дейді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қошановтың Бақытжан Базарбек пен Ермұрат Бапиге шүйілгені туралы жазғанбыз.

Arasha.kz

ФОТО: BAQ.KZ

Exit mobile version