17-01-24 |
6210 рет қаралған
Депутаттар электромобильдерге қажет инфрақұрылымды дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.
Депутаттар электромобильдерге қажет инфрақұрылымды дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлдады

Бүгінгі Үкімет отырысынада Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев елде электромобильдерге қажетті инфрақұрылымды тездетіп дамыту қажеттігін көтерді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасында экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында аталған заң жобаларына бастама жасады.

Бүгінгі таңда электромобильдер әлемде кең таралып, оған деген сұраныс геометриялық түрде өсуде.
«Егер электромобильдердің әлемдік сатылымының соңғы үш жылдық динамикасына көз жүгіртсек, 2020 жылы әлемде 3 миллион 240 мың электромобиль сатылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп. 2021 жылы бүкіл әлем бойынша 6,5 миллион электромобиль сатылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 109 пайызға өскен. 2022 жылы электромобильдер сатылымның жаңа рекордын орнатты, әлемде 7,8 миллион дана сатылды. 2023 жылы әлемде шамамен 17 миллион электромобильдер мен гибридті автомобильдер сатылды», – деді депутат.

Ал, Қытай 2030 жылға қарай бензинді қозғалтқыштардан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Зерттеушілердің пікірінше, 2035 жылға қарай әлем бойынша эксплуатацияда 130 миллион электромобиль болады.

Депутат заңның алғашқы жобасын дайындаған кезде электрмобильдерді кең ауқымды қолдануға тежеуші фактор ретінде арнайы инфрақұрылымның болмауы және «мұнай өнімдерімен» жүретін көліктердің құнының төмендігін атап өтті.

«Қазіргі таңда елімізде жағдай түбегейлі өзгерді. Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарында электрқозғалтқышпен 812 жеңіл көлік тіркелсе, он екі айдың қорытындысы бойынша 7793 электркөлігі тіркелген, бұл дегеніміз электромобиль санының 9,5 есеге өскендігін көрсетіп отыр. Яғни «жасыл» көліктерге сұраныстың көбеюі қажетті инфрақұрылымды дамытуды ілгерлетуді талап етеді», – деді ол.

Заң жобаларында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жол жүрісі туралы» заңдарына түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасы мынадай негізгі нормаларды қарастырады:
❖ «электромобиль» және «электрозарядты станция» ұғымдарын енгізу;
❖ коммуналдық ақылы автотұрақтарда (автопарковкаларда, паркингтерде) электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орындарын пайдалану;
❖ тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігін анықтау;
❖ жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электрозарядты станцияларды орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын, әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санатты стационарлық сауда және мәдени ойын-сауық нысандарын, мәдени-демалыс парктері мен алаңдарын, даңғылдарды, көшелерді, кварталдарды электрозарядты станциялармен жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне толықтыру енгізу туралы» Заңының жобасы электромобильдер үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтатып тұру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатында әзірленді.

Заң жобасын іске асыру республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.