Директорлар кеңесі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының жаңа тағайындалуын бекітті. Жаңа басшы — Дәулет Бекманов. Оның басқару саласындағы тәжірибесі 15 жылдан асады, ал цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер бағытында 10 жылдан астам жетекшілік қызметтерде болған.
Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. «Мирас» университетінде «информатика» мамандығы бойынша білім алған, кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған.
Айта кетейік, біз бұған дейін 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері — ЖСН, мекенжай, телефон нөмірлері — ашық интернетке таралғаны туралы жазғанбыз. Бұл оқиға мемлекеттік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты қоғамда үлкен сын тудырған болатын.
Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ