Димаш Құдайберген Жер планетасының 6 миллиард шақырым жерден түсірілген суретін жариялады. Ол күллі әлемде жердің орны қаншалықты кішкентай екенін көрсетіп, соғысқа жаны құмар ел басшылары туралы айтты.
«Оң жақтағы қоңырқай сызықтың ортасындағы кішкентай нүкте – 6 миллиард шақырым жерден суретке түсірілген Жер планетасы. Бұл – біздің үйіміз. Өзара қырқысып жүретін үйіміз.
Алпауыт мемлекеттердің басында өзін құдай санайтын адамдар отырып, өзара соғысып, кімнің ұзағырақ жасайтынын, ал кімнің уақыты келгенін шешуге құқылымыз деп ойлайды.
Адамдарға «мына халық жақсы, ал мына халық жаман» деген пікірді таңады немесе оларды нәсілдерге бөледі. Негізінде жаман ұлт жоқ, жаман адамдар бар.
Кейде ересек адамдар балалардан үлгі алуы керек деп ойлаймын. Иә, балалардан!
Олар адамдарды ұлтқа, нәсілге бөлуді ойламайды. Таза, барлық адамдарға деген жылы көңілмен дүниеге келеді. Балалардың кесірінен миллиондаған ересектердің зардап шеккені туралы еш қай жерден естімедім, ал бірнеше ересек адамның кесірінен миллиондаған басқа адамдар, оның ішінде балалар да қиналады.
Соғысты бастаушы мырзалар мен миллиардаған қанды ақшаға қызыққан құлдар! Мына фотоға қарап, Жаратқанның алдында қандай құдіретке ие екендеріңізді ойланып көріңіздер», – деп көпшілікке ой салды Құдайберген.
Димаштың пікіріне 4 мыңнан аса адам қосылды. Олардың ішінде әнші Маржан Арапбаева да бар.
«Дұрыс айтасың. Бізде бақытқа керектінің бәрі бар. Өмірімізді, планетамызды, бір-бірімізді бағалайық! Мына ғаламды, ортақ үйіміз – Жерді сақтап қалу туралы ойлану керек. Болашақ ұрпағымыз бізден жақсы өмір сүру үшін. Соғыстың, бөлінудің қажеті жоқ. Осы әлемді және Жаратқан бізге сыйлаған барша дүниені жақсы көріп, бағалау қажет», – деді Арапбаева.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024