Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығындағы төбелеске қатысты пікір білдірді.
ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке «Қорқыту» атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын – дейді ол.
Алайда, қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы, кез-келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын – деп жазды Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде құшағында баласы бар ер адамды ұрып-соққаны жайлы видео тараған болатын. Артынша спортшы барлығы екі тараптың келісімімен аяқталғаны туралы жазды.
Arasha.kz
ФОТО: ozgeris.info