05-02-19 |
12600 рет қаралған
Досым Сәтпаев: Бүгініміз қорқынышты болып тұрғанда, жарқын болашақты уәде ете беруді қою керек!.
Досым Сәтпаев: Бүгініміз қорқынышты болып тұрғанда, жарқын болашақты уәде ете беруді қою керек!

Саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы өрттің кесірінен бес баланың қаза табуына байланысты пікірін жазыпты.

Ол халық саны аз, бірақ териториясы үлкен біздің еліміз үшін әр баланың орны ерекше. Сондықтан ата-анасы үшін ғана емес, бүткіл ел үшін олардың орындары ойсырап қалады дегенді жеткізді. Саясаттанушы елімізде балалардың қауіпсіздігі мүлдем сақталмайтынын да айтқан. Ол шикізаттан түскен қаражаттан көп балалы отбасыларға ақша бөлуді қолдайды:

– «2012 жылдың өзінде Нобель сыйлығының иегері Эдвард Прескотт шикізаттан түскен ақшаның белгілі бір бөлігін қазақстандықтардың депозиттік шотына аударуға ұсыныс тастаға. Көп балалы отбасыларға көбірек көңіл бөлінуі керек. Ұлттық қорды толтырып отырған шикізат өндіретін компаниялардың бәрін қосқанда мемлекетке әкелетін пайда көпбалалы отбасылардан көбірек келеді. Бұл отбасылар біздің демографиялық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, адами капиталды арттырып отыр. Мүмкін мұндай депозит ата аналарға күні-түні жұмыста болмай, балаларының жанында болуға мүмкіндік беретін шығар? Бүгініміз қорқынышты болып тұрғанда, жарқын болашақты уәде ете беруді қою керек!» -деді Досым Сәтпаев.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда түнде Астанадағы «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.