25-09-18 |
5560 рет қаралған
Джошуа Кучера. Бұл Путиннің утопиясы ма?.
Джошуа Кучера. Бұл Путиннің утопиясы ма?

Мақаланың түпнұсқасы Coda Story веб платформасында жарияланған.

Бірақ Еуразиялық Одақты есептен шығара көрмеңіз.

«Еуразияшыл болу – мықты, бұл – сәнді».

«Мықты». Бұл сахнаны суреттейтін бірінші сөз емес. Минскіде шағын конференц бөлмеде, Кремльдің «жұмсақ күші» саналатын «Ресейлік ынтымақтастық» деп аталатын  мемлекеттік мекеменің беларустық офисіндемін. Жиналған жұрт орыстар және беларусьтер болып ебедейсіз бөліне салынған, олар орта жастағы әлденеге мойынсұнған ғалымдар мен мазасыз студенттерден тұрады.

Еуразиялық одақтың насихатшысы – жасы 20-дан асқан,  өңі шырайлы көрінетін Юрий Кофнер. Оның тақырыбы – Еуропалық Одақты Беларусьта қалай танымал етуге болады. Бұл – Ресей 2014 жылы дабырамен енгізген одақтың бес мүше мемлекетінің бірі. Ол Ресей бас болып отырған Батысқа тепе-тең еуропалық одақ сияқты күш немесе аса қажетті әрі маңызды нәрсе еместігі енді сіздің көзқарасыңызға байланысты.

Кофнер біріншісін дәлелдеуге тырысты. «Елдерді Еуропаға баруға не итермелесе, біз де соны істеуіміз керек», – дейді өз аудиториясына. Еуразияшыл – «жаңа патриот», Еуразия идеясына Ресеймен бірге жүрегімен берілгендік деп есептейді Кофнер.

Еуразиялық Одақ бастапқы кезеңде өзінің стилі, тіпті паңдығы бардай көрінетін. Оны іске қосарда Ресей президенті Путин «дәуірлік» деп атап, батысқа қарсы идеология жаңғырығымен толтырды. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «аймақты қайта советтендіргісі келеді» деп, ол аңызды үрлей түсті.

Бірақ әзірге Одақ бұл биік идеалдарға қол жеткізе алмауда. Басқалар да осы бес мүшенің – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің қатарына қосуға асықпайды. Тіпті Ресей одан ыңғайсыз күйге түсуде. Ал батыс болса, ресейлік хакерлер мен украиндық соғыспен әуре.

Бірақ бұл уақытта Еуразиялық экономикалық одақ формалды түрде таныла бастады. Кемінде мыңға жуық адам Мәскеу бөлімшесінде жұмыс істейді. Онда олар күн сайын түрлі тапсырмалар орындайды: қаржы рыноктарын үйлестіреді, бес елдегі дәрі-дәрмек ережелерін реттейді. Одақ Мәскеудегі қырғыз мигранттарына «қызыл кілем» жайды, Белурасьқа банан экспорты өндірісін жандандырды. Бірақ оның экономикалық әсері түймедей екенін айтады сарапшылар. Путин де Еуразиялық одақты сирек еске салатын болғаны сонша, ол бұл ғаламат геосаяси идеясын тыныш қана шетке ысыра салды ма деп  қалдым.

Осы жайлы Одақты зерттеп жатқан адамдармен сөйлескен кезде олар келіспейтіндерін білдірді. Егер Кремль істің геосаяси жағын айтса, бұл «адамдарды жабырқатады», – деді қазақстандық экономист. «Олар әлі де идеологиялық жұмыспен айналысуда», – деп ойын ұштады ол. «Бірақ тынышырақ». Бұл идеологиялық жұмысты, маған бірнеше мәрте айтқандай, Кофнер басқарады.

Сонымен мен Минскдегі осы залға тап болдым.

Шын мәнісінде, екі Еуразиялық одақ бар. Біріншісі – еркін сауда уағдаластығына негізделген экономика. Басқасы – геосаяси  және идеологиял. Оның негізгі қозғаушы күші  – Ресейдің ғаламдық держава болуға ұмтылысы. Кофнер – екеуінің де жалауын желбіретуші. Одақ рыногындағы тарифтік емес кедегілер туралы докторлық диссертация жазуда. Еуразиялық зерттеулер орталығын басқарады. Оған қоса Ресей мен оның батысы пен шығысындағы көршілеріне бірдей бірегей «еуразия» өркениеті туралы идеяны ілгерілетуші –  Ресей Федерациясының Еуразиялық қозғалысын басқарады.

Конференция бұрышында күлгін түсті сегіз жұлдызды ту ілініп тұр, оны кейбір еуразияшылдар ресми емес түрде өздеріне ыңғайлап алған. Кофнердің Еуразиялық қозғалысы сайты бұл ортодокстық христиан діні, ислам, буддизмге ортақ символ санайды, ал түстер Еуропа (көк) мен Азия (қызыл), славяндар (қызыл) мен түріктер (көк), дәстүр (көк)   мен революция (қызыл), рынок (көк) пен жоспарлауды(қызыл) береді деп түсіндіреді.

Кофнер өзінің еуразианизм бойынша бастамасы Мәскеу халықаралық қатынастар институтында (МГИМО) оқып жүрген кезінде басталғанын баяндады. Классикалық еуразианистер мен славянофилдердің жазғандарын оқи отырып, көзі ашылғанын айтады. «Олар менің Ресей туралы үнемі ойлағандарымды, бірақ сөзбен жеткізе алмағандарымды баяндады», деді ол. «Бұл – артта қалған Еуропа емес, бірақ Еуразия өркениеті делінетін тәуелсіз, бірегей әлем».

Бұл оның студенттер арасында Еуразиалық Клуб құруына мүмкіндік берген. Еуразиялық идеясының өркениеттік қыры «іш пыстырар» экономикалық күн тәртбіне қарағанда оның көбірек көңілінен шығатын сияқты.

Бірақ еуразианизмді өткізу оңай емес. Ресейден тысқары аумақта Еуразианизм Ресейдің шовинизм мен империализмінің сыртқы келбетін ауыстыруы арқылы «мықты» екендігі көрсеткісі келетін туралы әңгіме айтылады. Еуразианизм әсіре ұлтшыл әрі батыстық көзқарасқа қарсылығы арқылы танымал, кереғар философ Александр Дугин арқылы көрінеді.

Кофнер онымен жеке таныс, бірақ Минск Дугинді «еуразианизм идеяларын бұрмалаушы» деп санайтынын айтады. Ол өз жазбаларында алысқа кетеді, философ батыстық либерлизмнен қауіп көру арқылы жаңылысады дейді. Шын мәнісінде, Кофнердің айтуынша, «еуразиялық авторитарлы либерализм мен батыс монетарлы фашизм» арасында айырмашылық бар.

Еуразианизм Ресейдің империалистік жобасы болудан аулақ, ол шағын еуразиялық елдерге өздерін бөтен, батыс құндылықтарын енгізуден  қорғауды ұсынады. (Ол бұл факт Ресей империализмінің басқа қыры болуы мүмкін екендігін қарастырмайды). Осы пікірді қостау үшін ол әр бір мүше елдің – құртақандай Армениядан алып Ресейге дейін – дауыстары бірдей салмаққа ие деп мәлімдейді. Беларусь аудиториясына назар сала отырып, ол бұл «Батыс пен Шығыста бірдей көрінетін идентификацияны» қолдайтынын жеткізді.

Ашық жарқын қауым скептикалық көзқараста. Жас беларустық ғалым, Игорь Авласенко, Ресей позициясының кереғарлығына назар салады, Еуразиялық одақты ілгерілеткен болып, Ресей біржақты үлкен күш ретінде әрекет етуде. Ол жақында Путин патша Александр III-тің «Ресейдің тек екі одақтасы бар: оның әскері мен теңіз күштері» деген әйгілі сөзін қостағандай тілге тиек еткенін айтты. «Еуразиялық одақтың қалған бірде бір мүшесі еске алынған жоқ», деп қосты Авласенко.

Келесі бір қатысушы жобаның басты қайшылығы – оның басқа мүше елдерді Еуразиялық одақ идеологиясы мен оның зор рөлін қабылдауға шақыруы да деп санайды. Егер Ресей бір идеямен келсе, «бұл империялық амбиция», дейді Кирилл Коктыш. «Ал кім Беларусьтың империялық амбициясы бар деп айыптай алар еді. Аздап күлкілі естіледі ғой. Сол сияқты қазақ империализмі де күлкілі естіледі», – деп сөзін жалғастырды.

Еуразиялық одақтың шынайы ғаламдық ықпалына қол жеткізу қиын. Оның іске қосылуы аймақтағы басқа, ірі экономикалық трендтермен сәйкес келді: экономикалық дағдарыс мұнай бағасының түсуімен тереңдей түсті, Ресейге қарсы батыс санкциялары және одақ елдерінің влюталары айтарлықтай девальвацияға ұшырады. «Бұл трендерді одаққа қосылу әсерінен бөліп қарау қиын» дейді Бішкектегі Орталық Азия университеті экономисті Роман Могилевский., «Егер осы үлкен шоктарды айқындасақ, Еуразиялық одақтың әсері әркім күткендей үлкен емес. Сіз бірақ оң және кері әсерін көресіз».

Шымшытырық Еуразиялық одақ төңірегіндегі пікірталастың аса саясиландырылғаны Ресейшіл жән Ресейге қарсы оппоненттермен бірге қоюлана түседі. Ал экономикалық жағдайдың күрделілігі екі тарапқа да одақ үлкен табыс немесе қатер екендігін айқындауға дәлел жинауды жеңілдетеді.

Джошуа Кучера (Joshua Kucera)

Иллюстрация: Александра Красутская

Видео: Coda Studio

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.