ЕАЭО-да инфляцияның үдеуі осы жылдың бірінші тоқсанында 2%-ды, ал бір жылда 7,5%-ды құрады. Ал Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдері арасында инфляция өсімі бойынша рекордсмен болды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасында айтылғандай, жыл басынан бері елімізде азық-түлік тауарлары 2,5 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 1,7 пайызға, ақылы қызметтер 3,6 пайызға қымбаттаған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы наурызда жылдық инфляция ақпанмен салыстырғанда 9,1%-ға дейін бәсеңдегенін хабарлады.
Жылдық мәнде ақылы қызмет көрсету құны 13,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 8,2%-ға, азық-түлік тауарлары – 6,9%-ға өсті.