Республика күні қарсаңында қоғам қайраткері, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында тәуелсіздікпен келген үш құндылық жайлы айтты.
Азамат атану
Біріншіден, біз өз мемлекеті үшін жауапкершілік алатын, құқығы мен еркіндігі бар егеменді елдің азаматтары атандық.
Тәуелсіздік – бір күннің ісі емес. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декаларациясы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң мен Конституцияда жарияланған идеалдарды іске асыру күнделікті еңбекті қажет етеді. Сондықтан, Үкіметтің әрбір шешімі мен әрбір заң осы тұғырлы актілердің сөзіне ғана емес, рухына сәйкес келуі керек. Бұл демократиялық қоғам, нарықтық экономика мен құқықтық мемлекет құруда үнемі алға ұмтылысты қамтамасыз етуі тиіс.
Әрине, әрбір үкімет бірегей жағдайда қызмет етеді. Геосаяси, жаһандық қаржы-экономикалық конъюнктура өзекті тактикалық шешімдерді қажет ететіні рас. Бірақ бұл алған бағыттан жаңылыстырып, қозғалысты кейінге шегермеуі тиіс.
Мәселен, бұл – экономикадағы мемлекеттің рөлінің өсуіне қатысты, ол қазіргі таңда әл-ауқат пен қауіпсіздік сияқты екі маңызды факторға кері әсер етуде. Біріншісі кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асырумен, соңғысы – сыбайлас жемқорлыққа байланысты.
Айталық, теміржол жолаушы тасымалы. Басқа елдерге барғанда, азырақ мүмкіндіктері бола тұра олардың жолаушыларға сапалырақ қызмет етуді қамтамасыз ететінін көреміз. Соңғы жиырма жылда мұнай бағасы жоғары екенін есекеріп, мемлекеттік мұнай секторы жұмысына сараптама жасасақ, мелекет барлық кезде бірдей тиімді менеджер бола алмағанын байқаймыз.
Тұрақты қозғалыс пен дамудың шешуші факторларының бірі – саясат, экономика, өмірдің барлық саласында бәкелесетік орта қалыптастыру.
Түптеп келгенде тәуелсіздік билікті халықтың ғасырлық арманын тоғыстырған негізгі құжаттардағы идеяларды бірізді жүзеге асыруға міндеттейді. Ал мемлекет пен тәуелсіздіктің тірегі азаматтық жауапкершілік, азаматтық қатысу мен азаматтық белсенділік екенін еске ұстаған маңызды.
Басқа елде жоқ құқығы мен еркіндігін жүзеге асыруға жағдай жасалған жағдайда ғана азамат өз мемлекетінің тағдыры үшін жауапкершілік арқалай алады.
Жаһанмен жүздесу
Екіншіден, біз әлемге ашылдық. Ресей империясы құрамына кіргеннен бері біз алғаш рет әлемнің барлық елімен тікелей және ашық дербес диалог жасап, мәдени және гуманитарлық салада өзара байланысқа мүмкіндігін алдық. Біз әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі болу мүмкіндігін қайтардық.
Совет кезеңі жетістіктері де болғанымен, жаппай білім беру мен денсаулық сақтау саласында жүйе әлемнен тұмшаланып қалды.
Есімде, өз саласында көшбасшы саналған – Мәскеу автокөлік инстутында мен аспирант болып, зертетулермен айналыстым. Сонда осындай жоғары оқу орнының өзі әлемнің жетекші ғалымдары, озық автомобиль өндірушілері, автоқызмет көрсетуші компаниялары жұмыстары мен жаңалықтарына қол жеткізу мүмкіндігі болған жоқ. Соның нәтижесінде «Мерседес», «Тойота» және «Форд» бұрыннан қолданып жүрген кейбір жобалар кейде жаңа деп ұсынылып, тіпті сол бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Алдыңғы қатарлы зерттеулерге арнайы қызметтер арқылы тек мемлекеттің қорғанысы үшін маңызды деген салалар қол жеткізді. Соның нәтижесінде мемлекет ядролық қару шығарып, адамды ғарышқа ұшырып, озық қару-жараққа ие болды. Ал қарапайым адамдардың мұқтаждықтарына сәйкес сапалы телевизор, тоңазытқыш пен жеңіл көліктер шығара алмайтын.
Ғаламға ашықтық елдің әлеуетін іске асыруға жаңа мүмкіндіктер берді. Тарихтан, оның ішінде қуғын-сүргін мен ұлттық мәдениетке қысымнан туындаған мәселелерге қарамастан, біздің руханият пен құндылықтар жүйесі үлкен бәсекелестік басымдылыққа ие. Бұл – ашықтық, толеранттылық және бейімделгіштік. Сондықтан, «Болашақ» сияқты серпінді жобаларды дамытып қана қоймай, қазақстандық ғалымдар, сарапшылар, мамандар, өнер қайраткерлері мен әдебиетшілердің өз саласындағы әлемдік көшбасшылар, әріптестерімен еркін араласып, ақпарат алмасуына жол ашу маңызды.
Тамырымызды тану
Үшіншіден. Әлемге ашықтықпен қатар біз өз тамырымызды, тарихымызды, өзімізді тануымызды тереңірек түсінуге мүмкіндік алдық. Алдында айтқандай, Ресей империясы кезінде басталған біздің өзіндік болмысымызды тұншықтыру совет кезеңінде де жалғасын тапты. Біз ұлт ретінде көп нәрсе жоғалттық, тіпті мәдениетіміздің діңгегі – тілімізден айырылып қала жаздадық.
Әліпбиімізді екі рет өзгерту және басқа да идеологиялық қасымның салдарынан тамырыз бен тарихымыздан жұлынып қалдық.
XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қандай қайраткерлеріміз бар? Барлығын дерлік сол кездегі билік қуғын-сүргінге ұшыратып, көзін жойды.
Жақында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін көргеннен кейін тәуелсіздік кезінде өскен жас әріптестеріме мен оқушы кезімде алаш қайраткерлерін көбі біле бермейтінін айттым. Әлихан Бөкейхан, Ахмета Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және басқалардың аттарын айтуға қорықты.
Байқасаңыз, менің замандастарым арасында аттастарым аз. Өйткені, балаларына Алаш Орда саяси көшбасшылары есімін беру үшін де ата-аналардан белгілі бір батылдық қажет еді. Институтта бакулік курстасым Шәміл Балабековпен қоғамдық пәндер оқытушыларымен Совет Одағы жасаған унификация, оның ішінде мәдени біркелкілік халықтың әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді деп пікір таластыратынбыз. Қазір ойласам, сол оқытушылардың сөздерімізді арнайы қызметтерге жеткізбей, қиянат жасамағандарына іштей ризамын.
Тек қана тәуелсіздік алу арқылы өзіміздің рухани, мәдени мұрамыз бен құндылықтарымызды жаңғыртуға мүмкіндік алдық.
Бірақ бұл мәселеде де тепе-теңдік керек. Біз жаңа дәуірде өмір сүреміз. Мәдени бірегейлікті сақтап, жоғалғанды қайтару оқшаулану мен бағзылыққа әкелмеуі тиіс.
Біз дара болмысымызды сақтай отырып, заманауи білімге қанық болуымыз керек. Әлемге ашық болғанымыз абзал. Бұл біздің тілімізге де толықтай қатысты.
Ана тіліміз, оның тағдыры ең алдымен бізге тәуелді екенін түсінуіміз керек. Сонымен бірге мемлекеттік саясаттың бірізділігі маңызды.
Постсоветтік кеңістікте тілге қатысты біздегі заң – ең либералды. Егер қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне шынайы мазмұн берілмесе, бұл егемендік пен тәуелсіздік идеалдарына кереғар келеді. Тек Қазақстанда ғана біздің тіліміз мұндай мәртебе ала алады.
Сонымен бірге көршілеріміз түсінуі керек: қазақ тілі мәртебесін қалпына келтіру шарасы, оның ішінде әліпбиді таңдау мемлекеттік тілдің толықтай жұмыс істеуіне жағдай жасаудан туындайды. Оның басқа астары жоқ.
Қазір заманауи гаджеттерге қарасаңыздар, біз 1939 жылдан пайдаланатын квазикириллицаның 42 символы қазақ тілін кеңінен қолдануда технологиялық қолдауды айтарлықтай шектеп отыр.
Сонымен, 25 қазан – Декларация қабылдау арқылы әлемге еліміздің ішкі істерін енді Қазақстан халқы өзі басқарып, оның кеңістігінде тұру тәртібін өз халқы айқындайтынын жаһанға жария еткен күн.
Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.
Arasha.kz
ФОТО: turkystan.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024