Біз
әлеуметтік
желіде
20-05-25 |
570 рет қаралған
Экс-әкім Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды.
Экс-әкім Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке тағайындалды

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкімет растады.

Ұранхаевтың енді өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететіні хабарланды.

Нұрлан Ұранхаев жоғары білімін Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында «инженер-механик» мамандығы бойынша алған. Сонымен қатар Қазақ қаржы-экономикалық институтын («экономист-менеджер») және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін («инженер-құрылысшы») тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казпромтехмонтаж» тресінде слесарь-монтажшы болып бастаған. 1990 жылы «Зергер» өнеркәсіптік-қаржылық корпорациясын басқарған, кейін «Аккус» АҚ-ның басшысы, «Сары-Арқа» АҚ-ның сенімді басқарушысы, «Сұнқар» ЖШС президенті және «Казиркутсклес» бірлескен кәсіпорнының бас директоры болған.

2003 жылы Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы, кейінірек құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. 2006–2007 жылдары аралығында ШҚО әкімінің орынбасары болған (ол кезде облысты Виктор Храпунов басқарған).

Содан кейін ТЖМ-да Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, кейін Премьер-Министр кеңсесінде жұмыс істеген. 2009 жылы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, кейін «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары болған.

2010–2013 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды (ол кезде әкім Болатбек Қуандықов болған). Кейін ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары болған.

2015 жылы «ҚазНИИСА» АҚ-ның басшысы болды. 2017 жылы Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарды, ал 2019 жылы осыған ұқсас қызметке Астанада тағайындалды (ол кезде қаланы Бауыржан Байбек басқарды).

2022 жылғы 11 маусымда Абай облысының әкімі болып тағайындалды. 2025 жылғы 14 ақпанда бұл қызметтен босатылды. Оның орнына облыс әкімі болып Президенттің бұрынғы кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли тағайындалды.

БАҚ мәліметінше, Нұрлан Ұранхаев «Елімай» футбол клубының президенті болған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.